From Wikipedia, the free encyclopedia
Томас Гоббс (ағылш. Thomas Hobbes; 5 сәуір 1588 жыл – 4 желтоқсан 1679 жыл) — ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.[1]
Томас Гоббс | |
ағылш. Thomas Hobbes | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Уэстпорт, Уилтшир Герцогтігі, Англия |
Қайтыс болған күні |
4 желтоқсан 1679 (91 жас) |
Қайтыс болған жері |
Хардвик Холл, Дербишир, Англия |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | |
Мектеп/дәстүр |
Британдық эмпиризм |
Кезең |
17-ғасыр философиясы |
Негізгі қызығушылығы |
Философия, Саяси философия, Саясаттану, Мемлекет пен құқық теориясы |
Ықпал еткендер |
Платон, Аристотель, Эпикур, Фукидид, Тацит, Цицерон, Уильям Оккам, Фрэнсис Бэкон, Томас Уайт, Роджер Бэкон, Рене Декарт, Никколо Макиавелли, Гуго Гроций, Паоло Сарпи, Роберт Гроссетест |
Ықпалды жалғастырушылар |
Батыс саяси және Құқықтық философия және әлеуметтану |
Қолтаңбасы |
Томас Гоббстың негізгі еңбектері:
Томас Гоббс өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.
Ең маңызды жаратылыс заңы:
Жалпы Томас Гоббс 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Томас Гоббс тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.
Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.
Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.[2]
Мемлекет адамдардың "барлығының барлығына қарсы соғысын" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.